555 - 1234 - 567 [email protected]

ЖАН-ЖАК РУССО

Мое дело сказать правду, а не заставлять верить в нее.


ДЖОН ХОЛМС

Довольно много чистой правды в этом мире говорится детьми.


МАРК АВРЕЛИЙ

Говорить правду - это не столько дело воли, сколько привычки.

We Our Works

Choose a profession, you love, and you will not have to work a day in your life.

Сөздің сорлысы – «ӘРКІМ» ЕДІ

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

Осы күні әркім айтып жүр­ген «әркім» деген сөздің сор­лы­сы еді.

Әке бала­сы­на «Әркім­нің алды­на барып сүмірей­ме!» деп зекіп жата­тын… Жең­гей­лер «…әркім­нен қалған…» деп, әлдекім­нің түгін қой­май өсек­тей­тін… Аға­лар «жүр сөй­тіп, әркім­нен бір таяқ жеп» деп, жер-жебірі­міз­ге жететін. Енді сол сор­лы «әркім­нің» күшей­гені сон­ша­лық, әркім­нің аузы­нан анта­лап, Кон­сти­ту­ци­яға еніп алмақ! «Әркім­дер» төре боп алған ел ошақ басы­нан бұралқы иттер­ді қуу­мен шар­шаған бала секіл­ді ойын­нан, қызы­қтан қағы­лып, ыза­дан күй­іп кете­ді екен ғой…

Серік Әбі­кен­нің FВ-парақ­ша­сы­нан

""

Дос КӨШІМ:

Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс

РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ

ҚАБЫЛДАНУЫ ТИІС!

Ата Заң­ның 26-бабы­на енгізіл­гелі оты­рған өзгер­ту­лер­ге қаты­сты сая­сат­та­ну­шы Дос Көшім мыр­за «Abai.kz» ақпа­рат­тық пор­та­лы арқы­лы өз пікірін біл­дір­ген екен.

Бірін­ші­ден, егер ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сын халы­қтық рефе­рен­дум арқы­лы қабыл­да­сақ, Кон­сти­ту­ци­яға енетін бар­лық өзгерістер мен толы­қты­ру­лар да рефе­рен­дум арқы­лы қабыл­да­нуы тиіс. Өкініш­ке орай, бүгін­ге дей­ін Кон­сти­ту­ция бап­та­ры­ның кем деген­де үштен бірі өзгеріс­ке түсті, бірақ билік бір­де-бір бап­ты халы­қтың талқы­сы­на салған жоқ.

Екін­ші­ден, өткен жылғы дауға қалған жер мәсе­лесінің екі сұрағы шеші­мін тап­пай тұрған­да, Кон­сти­ту­ци­ядағы мен­шік­ке қаты­сы бар бап­ты өзгер­ту­ге күш салу – халы­қты көше­ге шыға­ру үшін жасалған арнайы жос­пар сияқты.

Үшін­ші­ден, бүгін­гі күні Құдай­дың бер­ген жерін, өзен-көлін, ауа­сын жеке мен­шік­ке жатқы­зу­ды қазақ қоға­мы қабыл­да­май­ды. Әрине, сан түр­лі айла-шарғы­лар­мен кез кел­ген заң­ды қабыл­да­уға (қабыл­да­туға) бола­тын шығар, бірақ оның түбі үлкен жары­лы­сқа алып келетіні анық.

Төр­тін­ші­ден, өз басым, «жер – мем­ле­кет­тің мен­ші­гі» деген тұжы­рым­мен келіс­пей­мін. Жер – соны сақтап қалған, өздерінің қан­да­ры­мен қорғаған халы­қтікі, қазақ ұлты­ның, ала­штың мен­ші­гі. Қазақ жері халы­қтың емес, мем­ле­кет­тің мен­ші­гі болған­да – ұлт өзінің жері­нен айы­ры­ла бастай­ды екен: Кеңес Одағы­на кір­ген Қазақ мем­ле­кетінің бас­шы­ла­ры «эко­но­ми­ка­лық қажет­тілік» деген сыл­та­у­мен «өздерінің мен­ші­гін­де­гі жер­ді» Ресей­ге де, Өзбек­станға да тарат­ты…

Билік­ке беру­ге бол­май­тын екі нәр­се бар: біре­уі – адам­дар­дың құқы­ғы мен еркін­ді­гі (мем­ле­кет тек сол құқы­қтың сақта­луы­ның кепілі ғана); екін­шісі – жер (мем­ле­кет жер­ді тиім­ді пай­да­ла­ну­ды рет­те­уші ғана).

Бесін­ші­ден, әрине, «әркім­нің мен­ші­гі» қорға­луы керек, бірақ бұл ұғы­мға ұлт­тың мен­ші­гі кір­мей­ді. Менің­ше, бірін­ші кезек­те осы мәсе­лені заң­дан­ды­ру керек сияқты.

Алтын­шы­дан, құр­мет­ті достар, 26-бап тура­лы пікір­леріңізді әле­умет­тік желі­де біл­дір­ген­деріңіз дұрыс, бірақ оны мін­дет­ті түр­де төмен­де­гі мекен-жай­ға, халы­қтың пікірін жинақтай­тын ресми оры­нға жіберіңіз­дер. Ертең билік әле­умет­тік желі­де қан­ша адам өзінің пікірін біл­дір­ді деп санап жат­пай­ды, «біз­дер­ге осын­ша­ма пікір түсті, оның осын­ша пай­ы­зы 26-бапқа өзгеріс енгізу­ге қар­сы, ал мұн­ша­сы жақта­ды» деген қоры­тын­ды жари­я­лай­ды. Сол уақыт­та саны­мы­зды соғып қал­май­ық.

• (Пікір­леріңізді мына мекен-жай­ға жіберіңіз­дер: 010000, Аста­на қала­сы, Есіл ауда­ны. Үкі­мет үйі. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің мем­ле­кет­тік құқық бөлі­мі. Элек­трон­ды пошта­сы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.)

Comments

Пікіріңізді қол­дай­мын. Соны­мен бір­ге билік орта­сын­дағы осы бап­ты өзгер­туді ұсы­нған КІМ екенін аны­қтау қажет деп ойлай­мын! Оның жасы­рын болуы мүм­кін емес, ондай орта­да ертең өздері-ақ кім екенін жари­я­лай­ты­ны анық!

Содан соң, өзіңіз айт­пақ­шы, билік ешқа­шан халы­қ­пен сана­сқан емес, енді де сана­спай­ды. Керек сан­ды, тіп­ті халы­қтың 80 пай­ы­зы қол­дап отыр деуі де әбден мүм­кін! Бұл жүй­е­ге «қаза­қтың мүд­десі» қажет емес, олар «әрқай­сысын қолы­нан жетек­теп, түр­ме­ге оты­рғы­зуға» бола­тын бей­ша­ра­лар­дың тобы­ры арқы­лы өздеріне қажет­ті заң­дар ма, түр­лі өзгерістер ме, т.б. кір­гі­зетіні анық.

Ата Заң­ның 26-бабы­на енгізіл­гелі оты­рған өзгер­ту­лер­ге жол беріл­се және ол өзгер­ту­лер қабыл­да­нып кет­се, сол өзгер­ту­лер­ді ұсы­нған ҚР пре­зи­ден­ті де және сол өзгер­ту­лер­ді қабыл­даған ҚР пар­ла­мен­ті де заң­сыз деген талап­пен Қазақ халқы көше­ге шығуға дай­ын болу керек! Түсін­дік, енді жетер, шыдам­ның да шегі бола­ды. Даб­ыл қағыл­са – шыға­мыз!

Abai.kz

""

Мыр­за­гел­ді Кемел:

«ӘРКІМНЕН» БАСҚА

алтын­шы бап тағы бар

Қазір елді алаң­да­тып, тіп­ті көңіліне үрей салып оты­рған мәсе­ле – Кон­сти­ту­ци­яға жаңа­дан ұсы­ны­лып оты­рған 26-бапқа қаты­сты өзгерістер. Осы жөнін­де бел­гілі ғалым, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Мыр­за­гел­ді Кемел жіңіш­келік­пен тал­дау жасаған пікірін біл­дір­ген еді.

Кон­сти­ту­ци­я­мы­зға ұсы­ны­лған өзгерістер­де­гі ерекше назар ауда­ру­ды талап ететін түзе­ту – 26-бап­тың 1-тар­мағы­на бай­ла­ны­сты. Онда «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры заң­ды түр­де алған қан­дай да бол­сын мүл­кін жеке мен­ші­гін­де ұстай ала­ды» деген маңы­зды тір­кес «Әркім заң­ды түр­де алған қан­дай да бол­сын мүл­кін жеке мен­ші­гін­де ұстай ала­ды» – деп өзгер­ту ұсы­ны­лып отыр.

Рас, елба­сы бес инсти­тут­тық рефор­ма­ны алға тар­тқан кез­де оның ішін­де мен­шік құқы­ғы­на кепіл­дік беретін заң­ның үстем­ді­гін қам­та­ма­сыз ету қажет­ті­гін баса айтқан бола­тын. Өйт­кені адам­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­ры­ның ішін­де адам үшін ең маңы­здысы ол – жеке мен­шік құқы­ғы. Бұл құқық адам­ның бостан­ды­ғы, оның меже­сі ретін­де тек қана адам өндіріс құрал­да­ры­на мен­шік­те­ну құқы­ғы болған­да ғана орын алып, жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Егер өндіріс құрал­да­ры­на адам­ның жеке мен­ші­гі толы­ғы­мен жоққа шыға­рыл­са, ол жер­де бостан­дық пен құқы­қтың болуы мүм­кін емес. Бірақ мәсе­ле біздің басты кие­міз – Жер тура­лы бол­са, онда шетел аза­мат­та­ры осы бап­ты пай­да­ла­нып, бүгін­ге дей­ін алып алған жері жеке мен­шік­ке кетіп қала ма деген қауіп бар сияқта­на­ды көңіл­ге. Ол жер көле­мі бір үйдің аумағын­дай неме­се 1–2 гек­тар (өндіріс­ке қажет­ті) бол­са да мей­лі, ал 20–100 мың гек­тар­лап жеке мен­шік­ке беріліп қой­ған жер­ді заң­да­сты­ру тәсілі үшін ұсы­ны­лып жат­са, онда уай­ым дұрыс, әле­умет­тік желілер­де осы­ны білетін­дер де, біл­мей шама­лай­тын­дар да мәсе­ле көтеріп жатуы сон­ды­қтан.

Сөз етіп оты­рған аза­мат­тар­ды шошы­тып оты­рған «әркім» деген сөз Кон­сти­ту­ци­я­ның осы бабы­ның 4-тар­мағын­да да тұр. Одан бәлен­дей қауіп­те­бе­се де бола­ды. Мәсе­ле «әркім» деген сөз­де деп сана­мауға тиіс­піз. Мәсе­ле сол «әркім­дер­дің» ішіне мен­шік құқы­ғы бар жер иелері де еніп кете ме деген­де болып тұр.

Осы уай­ым­ды бол­дыр­мау үшін, осы «Әркiм заң­ды түр­де алған қан­дай да бол­сын мүл­кiн жеке мен­шi­гiн­де ұстай ала­ды» деп жазы­лған мәтін­де неме­се 6-бап­тың 3-тар­мағын­да «Жер және оның қой­на­уы, су көз­дерi, өсiм­дiк­тер мен жану­ар­лар дүни­есi, басқа да табиғи ресур­стар мем­ле­кет мен­шi­гiн­де бола­ды. Жер, сон­дай-ақ заң­да бел­гi­лен­ген негiз­дер­де, шар­ттар мен шек­тер­де жеке мен­шiк­те де болуы мүм­кiн» деген­де­гі соңғы сөй­лем­ді нақты­лап: «Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жері, шетел аза­мат­та­ры мен заң­ды тұлға­лар­ды қос­паған­да, заң­да бел­гi­лен­ген негiз­дер­де, шар­ттар мен шек­тер­де жеке мен­шiк­те болуы мүм­кiн» деп жазы­лға­ны жөн.

«The Qazaq Times»